×
543.24
619.89
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
543.24
619.89
6.78

Тоқаев Алматыда құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды

Бүгін, 17:05
Тоқаев Алматыда құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды
Pixabay.com

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Дархан Сатыбалды Тоқаевқа қаланың орталық бөлігіне түсетін жүктемені азайтуға, инфрақұрылымды теңгерімді бөлуге және қалада жайлы орта қалыптастыруға бағытталған полицентристік даму барысы жөнінде мәлімет берілді. Аудандар арасындағы тиімді байланыс пен қоғамдық көлік қызметін жақсартатын транспорт жүйесін құру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев шаһардың жоғарғы бөлігінде көппәтерлі тұрғын үйлер салуға және аумақты тарылтатын құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды. Бұл шектеу Бас жоспарда қарастырылған әлеуметтік нысандар мен туристік кластер жобаларына қатысты емес.

Бұдан бөлек, Бас жоспарға табиғи ортаны қорғауды күшейтуге, қаланы жүйелі дамытуға және тау бөктеріндегі құрылыстың алдын алуға арналған өзгерістерді уақыт оздырмай енгізу міндетін жүктеді.

Серіктес жаңалықтары