×
543.24
619.89
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
543.24
619.89
6.78

Қазақстандағы клан жүйесі: Есболовтар отбасының иелегінде не бар

Бүгін, 17:40
Қазақстандағы клан жүйесі: Есболовтар отбасының иелегінде не бар
Ulysmedia коллажы

Журналист-зерттеуші Дмитрий Шишкин кезінде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасымен құдандалы болған "Есболовтар кланы" қандай мүлікке иелік ететінін зерттеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕСБОЛОВТАР ОТБАСЫ

Бұл әулет бұған дейін де журналистер назарынан түскен емес. Отағасы, академик Тілектес Есболов ұзақ жылдар бойы қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры болған. Дәл осы кезеңде университеттің Алматы  орталығында орналасқан біраз жер телімдері жекешелендірілген. Оның кенже қызы Ақтоты Есболова мен күйеуі, Алматы мәслихатының депутаты әрі бұрынғы шенеунік Дастан Жантелиев те қаладағы бір университет аумағындағы жердің меншік иелері болған.

Академиктің екінші қызы — Әсел Құрманбаева, кей деректер бойынша Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі ретінде аталады.

УНИВЕРСИТЕТ ЖЕРЛЕРІ ҚАЛАЙ ЖЕКЕЛЕШЕНДІ?

Тілектес Есболов 2001 жылы ҚазҰАУ-дың ректоры болып тағайындалып, бұл қызметте 20 жылға жуық отырған. Осы уақыт аралығында университет шамамен 5 гектар жерінен, үш жатақханасынан, 1,8 гектар стадионынан, бірнеше әкімшілік және оқу корпустарынан айырылған.

2006-2007 жылдары «Ирида Инвест» ЖШС университетке тиесілі бірнеше нысанды иеленіп алған. Компания құрылтайшыларының қатарында сол кезде «Базис-А» корпорациясы да болған. 2017 жылдан бастап «Ирида Инвесттің» жалғыз иесі — құрылыс компаниясы иесінің қызы Динара Байымбетова. Кейінгі төрт жылда компания салық төлемеген, бюджетке 1 миллион теңгеден астам қарызы бар.

Бүгінде Абылайхан мен Абай көшелерінің қиылысындағы 5 гектардан астам жер университет пен жеке меншік «Арена спорта» компаниясына тиесілі. Бұл жерге көпфункционалды тұрғын кешен салу жоспарланған.

АҚТОТЫ ЕСБОЛОВА МЕН КҮЙЕУІ ИЕЛЕНГЕН УЧАСКЕ

Ақтоты Есболова мен Дастан Жантелиев 2020 жылы Алматы гуманитарлық университетіне тиесілі болған 0,16 гектар жер телімін сатып алған. Ол жер кейін әкімдікке 473 миллион теңгеге сатылған, алайда оның нарықтық бағасы 379 миллион теңге болғаны анықталған. Бұл жер қазіргі таңда Ислам мәдени-ағарту орталығын салуға берілген. Қазір Ақтоты Темірәли (қызметтік тегі) бірнеше компанияның құрылтайшысы. Ең ірісі — орталық жылыту жүйелері үшін радиатор мен қазандық өндіретін Valtherm ЖШС. 2015 жылдан бері 312 миллион теңге салық төлеген.

Сондай-ақ ол «Жеті мұра» компаниясын туыстарымен бірге иеленіп отыр. Компания студенттерді жатақханамен қамту бойынша мемлекеттік сатып алуларға қатысқан. Жалпы сомасы – 430 миллион теңге.

ЕСБОЛОВТАРДЫҢ ӨЗГЕ МҮШЕЛЕРІНІҢ АКТИВТЕРІ

  • Ақмарал Есболова – Дубайдағы мүлік иесі, құрылыс саласында жұмыс істейтін YN LLC компаниясының құрылтайшысы. Бұрын «ЦАТЭК» акционерлік қоғамының ірі акционерлерінің бірі болған;
  • Айдос Есболов – Еуразия технологиялық университетінің жалғыз құрылтайшысы. Университет пен оған қарасты компаниялар 1,3 миллиард теңгеден астам салық төлеген. Сонымен қатар Alatau Asset Management Company ЖШС-нің иесі;
  • Бектенбай Есболов – Президент әкімшілігінде, астаналық аудан әкімдігінде және «Самұрық-Қазына» қорында түрлі лауазымда қызмет атқарған.

ҚОРЫТЫНДЫ

Есболовтар отбасы – Қазақстандағы элиталық құрылымдармен тығыз байланыстағы, білім беру мекемелерінің активтерін иеленіп отырған ықпалды топтардың бірі. Олар тек аграрлық университет емес, басқа да мемлекеттік нысандар айналасындағы жерлер мен кәсіпорындарды өзара бөліске салып, әртүрлі мемлекеттік тапсырыстарды орындап отыр.

Серіктес жаңалықтары