×
543.24
619.89
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
543.24
619.89
6.78

Жаңа мен ескінің қақтығысы: Гарвард түлегі БРИКС-тің әлсіз тұсы жөнінде айтты

Бүгін, 09:49
Жаңа мен ескінің қақтығысы: Гарвард түлегі БРИКС-тің әлсіз тұсы жөнінде айтты

Саясаттанушы, Гарвард түлегі Талғат Қабдығали БРИКС-ті «антиамерикалық бірлестік» деп атаған АҚШ президенті Дональд Трамптың сөзіне қатысты өз болжамын айтты,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Сарапшы Трамп абайсызда БРИКС-тің басты әлсіздігін көрсеткен болуы мүмкін деп мәлімдеді. Оның сөзінше, әлем қазір Батыс пен Шығыс емес, ескі және жаңа әлем арасындағы қақтығыс жағдайында тұр.

– НАТО немесе гегемониямен күресу ол қақтығыстың түп-төркінін түсінбеу. АҚШ бүгінде реакциялық мемлекет. Ертең ол прогрессивті мемлекет болады. Онда оның гибридті азаматтық соғысы жүріп жатыр, – дейді ол.

«ТАРИХ БАРЛЫҒЫН ӨЗ ОРНЫНА ҚОЯДЫ»

Саясаттанушының сөзінше, БРИКС елдерінде мүдделер қайшылығы бар. Ресей ХХ ғасырдағы статусын қалпына келтіргісі келеді. Қытай барынша қаржы-өнеркәсіптік капитализмнің ғұмырын созуға ынталы. Үндістан мен Бразилия түрлі-түсті революциялардан бонус алуды көздейді.

– Органикалық түрде БРИКС қосылмау қозғалысының жалғасы. Үшінші жол, шартты түрдегі жаһандық Оңтүстіктің орталығы. Кешегі колониялардың ұйымы. Қалай болғанда да, осы немесе басқа белгінің астында әлем алға жылжиды. Тарих, әдеттегідей, барлық жасанды одақтарды бұзады және барлығын өз орнына қояды, — дейді ол.  

Естеріңізге сала кетейік, геосаясат маманы Талғат Қабдығали бұған дейін Ulysmedia порталына сұхбат берген болатын.

Серіктес жаңалықтары