Әлеуметтік желіде «Отбасы банк» АҚ орталық кеңсесінің бұрынғы жобалық менеджері Максим Илешевтің сыбайлас жемқорлық пен алымдарды әшкерелегені үшін жұмыстан шығарылғанын мәлімдеген видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Максим Илешев видеоүндеуде 2023 жылдың соңында «Отбасы Банк» қызметкерлерінен заңсыз ақша жиналғанын, соны айтқаны үшін оны заңсыз жұмыстан шығарғанын айтты.
«2023 жылы 30 қарашада мен Банк басқармасының басшысы Ләззат Ибрагимоваға оның орынбасарының туған күніне арналған сыйлыққа қызметкерлерден заңсыз ақша жиналғанын ресми түрде хабарладым. Тек бір басқармадан 2023 жылдың қазан айында 239 мың теңге жиналды. Мен жеке қабуылдауды сұрадым. Бірақ одан бас тартты. Сол себепті мен президент әкімшілігіне шағымдандым. Осыдан кейін банк бірден үш жылдың ақшасын қайтара бастады. Бұл ерікті емес, еріксіз түрде жасалған қайтарым болмады. 2024 жылы мамырда Ұлттық экономика министрлігінің кеңесінде Бан басқармасы басшысының орынбасары Владимир Савченко сыйлық беру дерегін растады», – деді ол.
Дәлел ретінде ол Владимир Савченко деп аты көрсетілген ер адам заңсыз ақша жинауға байланысты тдеректерді растайтын бейнеконференция жазбасын көрсетті. Сонымен бірге онда ол қорытынды жасауға ерте екенін айтады.
«Мен «Отбасы Банкінің» кейбір басшыларына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның жұмыс істемейтініне жеке көзім жетті. Ішкі құрылым және оның кең ресурстары адамдардың шағын тобының мүдделеріне ғана қызмет етеді. Барлық дәлелдер іс материалдарына қоса берілген», – деді Илешев.
Ulysmedia.kz. осы мәселе бойынша «Отбасы Банк» басқармасының басшысы Ләззат Ибрагимоваға сауал жолдады.
Бұған дейін «Отбасы Банк» ипотека нарығындағы монополист деп аталған.