×
547.57
642.63
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
547.57
642.63
6.68

Ғарышкер Талғат Мұсабаевты қайда және қашан жерлейді

05.08.2025, 14:27
Ғарышкер Талғат Мұсабаевты қайда және қашан жерлейді
Фото: e-history.kz

Қазақстанның цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун халық қаһарманымен қоштасу рәсімі қай жерде өтетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

«6 тамыз күні сағат 09:00-де Алматы қаласында Зенков көшесі, 24-үй мекенжайында орналасқан Армия үйінде халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтеді. Қазіргі уақытта министр (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев — ред.) іссапарда, бірақ сол күнге дейін оралып, қоштасу шарасына қатысуды жоспарлап отыр», — деді Мун.

Мұсабаев Кенсай зиратында жерленеді.

Серіктес жаңалықтары