Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) Қайрат Сатыбалдыға тиесілі люкс сағаттарды сата алмай жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Сатып алушылар болмағандықтан, баға күннен-күнге төмендеп жатыр. Бұған дейін қайтарылған активтерді басқару компаниясы 214 миллион теңгеге дейін бағаланған люкс сағаттар коллекциясын сатылымға шығарғанын хабарлаған.
Мұндай жеңілдік сатушының қалауынан емес, нарықтағы ережеге сай жүзеге асады. Сатылмай жатқан тауарды өткізу үшін баға біртіндеп төмендетіледі.
Сатылымдағы сағаттар тізімі:
Бірнеше модель, жеңілдікпен болса да, сатылып кеткен. Мысалы, Breguet 882U №3271 моделі 10,3 миллион теңге тұрса, соңында 8,8 миллион теңгеге сатылған.
Осыдан үш жыл бұрын Сатыбалдының құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын эксклюзивті бағалы тастар мен зергерлік бұйымдар анықталып, елге қайтарылды.
Басқа да істерді ескергенде, Сатыбалдыұлы соңғы 2,5 жылда мемлекетке жалпы сомасы 783 миллиард теңгені құрайтын активтерді қайтарған.