×
537.53
620.52
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.53
620.52
6.71

Путин Трамптың ультиматумына бағынбайды – Reuters

Бүгін, 08:29
Путин Трамптың ультиматумына бағынбайды – Reuters
Фото: Ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейге қойған ультиматумына қатысты Кремль қожайыны Владимир Путин ешқандай жеңілдікке бармайды. Бұл туралы Reuters агенттігі Кремльге жақын дереккөздеріне сүйеніп жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Дональд Трамп Ресейге Украинадағы соғыс қимылдарын тоқтатуға қатысты шарт қойған. Егер 8 тамызға дейін келісім болмаса, АҚШ Ресей мұнайын сатып алатын елдерге әсіресе Қытай мен Үндістанға кедендік тарифтер енгізуге уәде берді.

Reuters жазуынша, Путин бұл ультиматумды «шынайы қауіп» деп есептемейді.

«Путин АҚШ-тың қысымына көнетін жағдайда емес. Ол өз шарттарымен ғана келіссөз жүргізуге мүдделі», – деген аты-жөнін жарияламауды сұраған ресейлік шенеунік Reuters-ке.

Путин келіссөзге бармайды

Сарапшылар пікірінше, Путин Донбас, Херсон, Запорожье және Луганск облыстарына толық бақылау орнатпайынша, келіссөзге бармайды.

Путин әкімшілігі АҚШ-тың сауда санкцияларына қарсы иммунитет бар деп есептейді. Себебі Ресей Қытай мен Үндістан сияқты негізгі серіктестері арқылы санкциялық қысымға бейімделіп үлгерген.

Reuters агенттігінің жазуынша, Трамптың бұл мәлімдемесі алдағы сайлау қарсаңындағы саяси риторика болуы мүмкін. Ал Кремль оны шынайы қауіп ретінде қабылдап отырған жоқ.

Серіктес жаңалықтары