×
547.57
642.63
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
547.57
642.63
6.68

Алматы жұртшылығы Талғат Мұсабаевпен қоштасып жатыр

06.08.2025, 09:05
Алматы жұртшылығы Талғат Мұсабаевпен қоштасып жатыр

Бүгін Алматыда ғарышкер және мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Ол 4 тамызда 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Қоштасу Офицерлер үйінде өтіп жатыр. Мұсабаевпен қоштасуға оның туыстары, әріптестері, достары келді. Сондай-ақ, депутаттар, журналистер, белсенділер мен қоғам қайраткерлері бар.

28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта әскери қарауыл қойылған. Олар марқұмды шығарып салу рәсімінде Талғат Мұсабаевтың рухына соңғы рет құрмет көрсетеді. 

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқыды. 

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров көңіл айтып, Талғат Мұсабаевтың көзі тірісінде атқарған қызметтері туралы айтты. 

Талғат Мұсабаевты Алматыдағы Кеңсай-2 қорымына жерлейді. 

Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Әр жылдары Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттінің төрағасы, президент кеңесшісі, парламент сенатының депутаты болып қызмет атқарды. 

 

 

Серіктес жаңалықтары