Ресей президентінің кеңесшісі Юрий Ушаков АҚШ президенті Дональд Трамп пен Владимир Путиннің жақын арада кездесетінін растады. Бұған дейін бірқатар халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары екі ел президенттері келесі аптада кездесуі мүмкін екенін жазған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
«Америка жағының ұсынысымен алдағы күндері жоғары деңгейдегі екіжақты кездесу яғни, президент Владимир Путин мен Дональд Трамптың кездесуі туралы келісімге қол жеткізілді», – деді Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.
6 тамызда Мәскеуде Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Владимир Путинмен үш сағаттық кездесу өткізгеннен кейін, екі ел президенттерінің кездесуі жөнінде ақпарат тараған. АР агенттігі Ақ үйдегі дереккөздеріне сүйеніп, Трамп пен Путин алдағы аптада кездесуі мүмкін екенін жазды.
Дональд Трамптың өзі Ресей басшысы Владимир Путин және Украина президент Владимир Зеленскиймен үш жақтық кездесу өткізуге «жақсы мүмкіндік бар» деп мәлімдеді.