×
536.58
622.75
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.58
622.75
6.71

Астанадағы автобус апаты: жүргізушіге қатысты іс тоқтатылды

Бүгін, 18:30
Астанадағы автобус апаты: жүргізушіге қатысты іс тоқтатылды
ulysmedia коллажы

Астанадағы автобус апатына байланысты жүргізушінің үстінен қозғалған қылмыстық іс рақымшылық заңына сәйкес тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

«Жол қозғалысы ережесін бұзып, денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соққан оқиға бойынша қылмыстық іс материалы мен сараптама қорытындысы автобус жүргізушісінің кінәсін растады. Қазақстан Республикасының «Рақымшылық туралы» заңына сәйкес, күдікті тарапынан қылмыстық қудалауды тоқтату туралы өтініш келіп түсті», - делінген Астана полициясы таратқан ақпаратта.

Полицияның айтуынша, іс тоқтатылғанымен, айыпталушы қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып есептеледі. 

Контекст

2 маусымда Астанадағы Республика даңғылында автобус ақпараттық тақта тіреуіне соғылып, 15 жолаушы зардап шегіп, үшеуі ауыр хәлде ауруханаға түскен. Ең қатты зардап шеккен 8 жастағы қыз екі аяғынан айырылған. 

Серіктес жаңалықтары