Қазақстан Қырғызстан шекарашыларын оқытады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Қазақстан тарапынан келісімге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Ермек Сағымбаев қол қойды. Құжатқа сәйкес, Қырғызстан шекара қызметінің әскери қызметшілері Алматыдағы ҰҚК Академиясында оқиды.
«Қазақстан тарапы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметінің әскери қызметшілерін штат санының лимиті шегінде келісілген мөлшерде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара академиясына оқуға қабылдайды... Тараптар жыл сайын келісетін мамандықтар мен оқу мерзімі бойынша. Келісу нәтижелері келісімшарттармен ресімделеді», – делінген құжатта.
Қазақстан мен Қырғызстанның ынтымақтастығы соңғы жылдары жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстанның Қырғызстанға салған инвестициясының көлемі үш есеге артқан.