×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Ипотека алуға көмектесемін»: Нұр-Сұлтанда алаяқ ұсталды

24.01.2022, 16:45
«Ипотека алуға көмектесемін»: Нұр-Сұлтанда алаяқ ұсталды
Фото: ашық дереккөз

38 жастағы қала тұрғыны банктердегі таныстық байланыстарына сүйеніп, ипотеканы төмен пайызбен ресімдеуге көмектесуге уәде берген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

polisia.kz-ның мәліметінше, күдікті әйел өз қызметтерін таныстары арқылы ұсынатын болған. Алаяқ өткен жылы төрт азаматты алдап соққан.

Жәбірленушілер салған бастапқы жарнаның сомасы 600 мың теңгеден жоғары болды. Ал алаяқ әйел өзінің сыйақысын бірден алып отырған, алайда уәдесін орындамаған. Алаяқтық жасады деген күдікті бұл әрекетін мойындады.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, оның елорда аумағында осындай қылмыс жасауға қатысы бар-жоғы анықталуда.