×
539.38
629.46
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.38
629.46
6.76

«Бес жыл құлдықта болдым» деген жасөспірімнің оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Бүгін, 19:03
«Бес жыл құлдықта болдым» деген жасөспірімнің оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Курсив

Әлеуметтік желіде бес жыл бойы құлдықта жүргенін айтқан екі баланың видеосы жарияланғаннан кейін, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

«Письма президенту» телеграм-арнасында далада мал бағып жүрген екі баланың видеосы жариялады. Оның бірі өзінің бес жылдан бері құлдықта жүргенін айтып, көмек сұраған.

«5 жыл тұрдым ба…5 жыл бойы көрген қорлығым. (…) Телефонымды алып қойды. Мал бағып жүрміз. Әр өткен көліктен сағат сұраймыз. Көретін қорлығымыз осы ғой. Бұлай қорлық көрмеп едім. Жатсам да тұрсам да бір нәрсені ойлаймын: туған әкемнің қолына барсам деп. Үйдегі мамам сөйлегісі келеді, бірақ өзі қорқады. Көмектесіп жіберіңіздерші. Бір күні екеуміздің біріміз өлмесек… көмектесіп жібермесеңіздер», – дейді жасөспірім видеода.

Осы оқиғадан кейін Жамбыл облысының полициясы оқиғаға баланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Іске қатысы бар адамдар анықталып, тергеу жүргізілетінін айтты.

Бұдан бөлек, балалар құлдықта болдық деген Жамбыл облысының Көктал аулына облыстық бала құқығы бойынша омбудсмен Дәурен Бағжанов барған.

Қазір балалар Тараз қаласындағы қолдау орталығына жеткізілген.  

Серіктес жаңалықтары