"Болашақ" халықаралық стипендиясы және "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасы иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 217 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды.
– Оның ішінде 167 адам магистратурада, 13 адам докторантурада оқиды, ал 37-і әлемнің үздік университеттері мен орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді, – деп хабарлады “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ Telegram-каналы.
Бұл ретте стипендиаттардың 67,7%-ы жаратылыстану-техникалық пәндер бойынша, ал 32,3%-ы қоғамдық-гуманитарлық бейін бойынша оқиды.
Бұған қоса, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 68 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды.