×
539.49
627.7
6.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.49
627.7
6.75

Астанада Жұмабаев даңғылының бір бөлігінде қозғалыс шектеледі

10.08.2025, 11:08
Астанада Жұмабаев даңғылының бір бөлігінде қозғалыс шектеледі
ашық дереккөз

Елордада Мұхтар Жұмабаев даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары Қажымұқан Мұңайтпасов көшесінен Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі аралықта жүргізіледі.

Шектеулер 11–20 тамыз аралығында күшінде болады.

Жөндеу кезінде көлік қозғалысы екі бағытта да ұйымдастырылады, бірақ тек жолдың бір жағы арқылы өтеді.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша белгілер мен көрсеткіштер орнатылады. Ведомство жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы өзгерістерді ескеруге кеңес берді.

Серіктес жаңалықтары