АҚШ миграциялық заңнамасын бұзғандары үшін олар туған жеріне қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
АҚШ-тан арнайы рейспен Қырғызстанның 25 азаматы депортацияланды. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігі хабарлады. Олардың АҚШ заңдарын бұзғаны анықталған.
— Депортация тәртібіне байланысты мұндай азаматтарға АҚШ-қа кіруге 5, 10, 15 жылға немесе өмір бойына тыйым салынуы мүмкін. Америкаға заңсыз қайта кіруге талпыныс қылмыстық жауапкершілікке әкеледі, — деп мәлімдеді ведомство.
Қырғызстан СІМ-і АҚШ аумағында заңды негізсіз жүрген азаматтарға ауыр зардаптарға ұшырамау үшін өз еркімен елден кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін АҚШ Жоғарғы соты мигранттарды үшінші елдерге депортациялауға жол ашып, мамыр айының ортасында мұндай шараларды уақытша тоқтатқан басқа америкалық соттың шешімін жойған болатын.