×
539.49
627.7
6.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.49
627.7
6.75

Биньямин Нетаньяху Газа секторына жаңа шабуыл жасалатынын ескертті

Бүгін, 09:05
Биньямин Нетаньяху Газа секторына жаңа шабуыл жасалатынын ескертті
Фото: Reuters

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторына жаңа шабуыл жасалатынын ескертті, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Биньямин Нетаньяхудың сөзінше, бұл жолғы шабуыл тұтқындағы Израиль азаматтарын құтқарып, ХАМАС тобын толықтай жеңуге бағытталған. Жаңа шабуыл ХАМАС-тың екі негізгі күштік тірегіне бағытталады.

Нетаньяху шабуылдың нақты қай уақытта басталатынын айтпады. Бірақ операцияны қысқа уақытта аяқтау жоспарланғанын мәлімдеді.

«Бірінші кезекте біз Газаның бейбіт халқы шығып кетуі үшін қауіпсіз аймақ құрамыз. Біз шекарамызда қауіпсіз аймақ болғанын қалаймыз. Газада қалғымыз келіп отырған жоқ», – деді ол.

Әуе шабуылы

Жексенбіде Израиль Газаны әуе бомбасымен атқылады. Кем дегенде бес адам қаза болды. Жергілікті БАҚ таратқан ақпаратқа қарағанда зымырандардың бірі аурухана алдындағы журналистер шатырына түскен. Аурухана бас дәрігері Мухаммад Абу Салами «Әл-Джазира» телеарнасына берген сұхбатында жеті адамның көз жұмғанын айтты. Телеарна баспасөз қызметі бес қызметкерінің қаза болғанын мәлімдеді. Оның ішінде екі Анас ас-Шариф пен Мухаммед Крейк есімді екі журналист бар.

Израиль «Анас ас-Шариф ХАМАС топтарының бірінің көшбасшысы болды. Оған қатысты Газада құжат табылғанын» деп мәлімдеді. Бірақ құқық қорғаушылар ол қақтығыс ошағынан репортаждар жасағаны үшін өлтірілді деп мәлімдеді.

Контекст

Газа секторында кейінгі 24 сағатта аштықтан бес адам көз жұмды. Оның ішінде екі бала бар. Жалпы алғанда аштықтан қаза болғандар саны 217 адамға жеткен.

Серіктес жаңалықтары