×
539.49
627.7
6.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.49
627.7
6.75

Израиль шабулынан «Әл-Жазира» арнасының журналистері қаза болды

Бүгін, 09:44
Израиль шабулынан «Әл-Жазира» арнасының журналистері қаза болды
фото: aljazeera.com

«Әл-Жазира» журналистері Израильдің Газаға жасаған шабуылынан қаза болды. Көз жұмғандарқатарында телеарна тілшілері Анас аш-Шариф пен Мұхаммед Крейке, сондай-ақ операторлар Ибрахим Сахер, Мұхаммед Нуфал және Моамен Алива бар, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Израиль «Анас ас-Шариф ХАМАС топтарының бірінің көшбасшысы болды. Израиль аумағын зымыранмен атқылауға жауап берді. Оған қатысты Газада құжат табылды» деп мәлімдеді. Бірақ құқық қорғаушылар ол қақтығыс ошағынан репортаждар жасағаны үшін өлтірілді деп мәлімдеді.

«Әл-Жазира» реакциясы

«Әл-Жазира» Израиль палестиналық журналистерді ХАМАС-қа қатысы бар деп үнемі айыптайды деп мәлімдеді. Телеарна 2023 жылдан бері Израиль шабуылынан 200-ге жуық журналист көз жұмғанын хабарлады. Олардың қатарында «Әл-Жазираның» да бірнеше тілшісі бар.

Халықаралық ұйым алаңдаушылығы

Шілдеде «Журналистерді қорғау комитеті» Анас аш-Шарифтің қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірген. Ұйым оның «Израиль әскери күштерінің жала жабу науқанының нысанасына айналғанын» хабарлаған.

«28 жастағы журналист Газадан соғыс басталғаннан бері халықаралық аудитория үшін хабар алатын негізгі ақпарат көзі болды»,— деп мәлімдеді ұйым.

Израильдің жаңа шабуылы

Израиль премьер-министрі Биньямин Нитаньяху жақын аралықта Газаға жаңа шабуыл басталатынын ескертті. Ол шабуылдың басты мақсаты – тұтқындағы Израиль азаматтарын босату және ХАМАС тобын толықтай жою деп атады.

Серіктес жаңалықтары