×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

«Ашықта» көк мәртебелі адамдарға бизнес нысандарға кіруге рұқсат берілді

25.01.2022, 08:49
Фото: Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының 21 қаңтардағы тапсырмаларын іске асыру мақсатында Ведомствоаралық комиссияда бизнес субъектілері үшін шектеулерді төмендету тәсілдерін мақұлдады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Бизнес объектілерінде «Ashyq» жобасын одан әрі енгізу жалғастырылады. Жасыл және көк мәртебесі бар келушілерді кіргізетін барлық аймақта, барлық объектілерде жұмыс уақыты бойынша шектеулер алып тасталады», - деді үкіметтің бүгінгі отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан,  Ашықта тек жасыл мәртебесін  пайдалану кезінде  салтанатты, еске алу, спорт іс-шаралары, көрмелер, форумдар шектеулерсіз өткізіледі. Спорт кешендерінің, сауықтыру және діни объектілердің, ойын-сауық объектілерінің, сауда-ойын сауық орталықтарының, сауда желілерінің қызметіне шектеу қойылмайды.

Эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан  «көк» мәртебесі бар болған кезде отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, темір жол, автовокзалдарға, халыққа қызмет көрсету орталықтарына, «Қазпошта» АҚ бөлімшелеріне, банктерге, асханалар түріндегі қоғамдық тамақтану объектілеріне, жабық базарларға,  білім беру ұйымдарына, СПА- орталықтарға, сән салондарына, облысаралық, облысішілік, қалалық тасымалдауларға шектеулерсіз кіруге рұқсат етіледі.

Серіктес жаңалықтары