×
$
455
€
498.77
₽
5.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
455
€
498.77
₽
5.56

Астанада тұмау мен ЖРВИ жұқтырған 300-ден аса адам ауруханаға түсті

Бүгін, 11:58
Астанада тұмау мен ЖРВИ жұқтырған 300-ден аса адам ауруханаға түсті
pixabay

Астанада тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жұқтырған 313 адам ауруханада ем алып жатыр. Олардың басым бөлігі – балалар. Маусымдық аурулардың көбеюіне байланысты елордада ауруханадағы төсек-орын саны арттырылып, емханалардың жұмысы күшейтілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Науқастардың басым бөлігі – балалар

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір Астана ауруханаларында тұмау мен ЖРВИ жұқтырған 313 науқас емделіп жатыр. Олардың 220-сы – бала, 30-ы – жүкті әйел.

Бұдан бөлек, 2 569 адам ауруханаға жатқызылмай, ем қабылдай бастаған. Олардың арасында 1 551 бала мен 20 жүкті әйел бар.

Сондай-ақ ЖРВИ жұқтырған 4 559 адам емханалардың бақылауында. Оның 3 132-сі үй жағдайында ем алып жатыр.

Емханалардың жұмысы күшейтілді

Ауру жұқтырғандар санының артуына байланысты Астанада ауруханалардағы қосымша төсек-орындар дайындалып, жедел жәрдем қызметінің жұмысы күшейтілді.

Қалалық емханаларда дене қызуы көтерілген, жөтел және тыныс жолдары ауруларының басқа да белгілері бар науқастарға арнайы кабинеттер ашылды.

Вирустың таралу қаупін азайту үшін мұндай науқастар басқа келушілерден бөлек қабылданады.

Сонымен қатар, елордада маусымдық тұмауға қарсы екпе салу жалғасып жатыр.

Кейінгі мәлімет бойынша, 143 619 адам тұмауға қарсы вакцина алған. Олардың 29 592-сі – бала, 114 027-сі – ересек адам.

Сізге қызық болуы мүмкін