×
539.49
627.7
6.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.49
627.7
6.75

Тағы да Toyota Alphard: «Астана-Қарағанды-Алматы» тасжолында көлік апатынан үш адам көз жұмды

Бүгін, 14:03
Тағы да Toyota Alphard: «Астана-Қарағанды-Алматы» тасжолында көлік апатынан үш адам көз жұмды
скриншот

«Астана-Қарағанды-Алматы» тасжолында көлік апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

11 тамыз түнгі сағат 00:10 шамасында «Астана — Қарағанды — Алматы» тасжолының 1396-шақырымында Toyota Alphard көлігі апатқа ұшырап, үш адам көз жұмып, алты адам жарақат алды. Оқиға Осакаров ауданына қарасты Батпақты ауылы маңында болған.

Алдын ала дерек бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік аударылған. Қарағанды облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу бастаған.

Қазақстанда Toyota Alphard көліктері жиі апатқа ұшырайды. Шілдеде екі күн ішінде дәл осы маркадағы көліктер Жамбыл және Алматы облыстарында апатқа ұшырап, 10 адам қаза тауып,төртеуі жарақат алған.

Серіктес жаңалықтары