×
545.67
636.41
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
545.67
636.41
6.57

Австралия Палестина мемлекетін мойындайтынын мәлімдеді

11.08.2025, 17:30
Австралия Палестина мемлекетін мойындайтынын мәлімдеді
Фото: interaffairs.ru

Франция, Ұлыбритания және Канададан кейін Австралия да қыркүйекте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясы сессиясында Палестина мемлекеті мәртебесін ресми түрде мойындайтынын мәлімдеді.деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Бұл туралы 11 тамызда өткен брифингте елдің премьер-министрі Энтони Албанезе хабарлады. Оның айтуынша, шешім Палестина әкімшілігінен алынған міндеттемелерді ескере отырып қабылданған.

Албанезенің сөзінше, Австралия президент Махмұд Аббас пен Палестина әкімшілігінен «ХАМАС болашақ Палестина мемлекетінде ешқандай рөл атқармайды» деген кепілдік алған.

«Бұл – Австралия президенті Аббас пен Палестина әкімшілігінен талап етіп, қол жеткізген басты міндеттемелердің бірі», – деді премьер-министр.

Сондай-ақ ол «екі мемлекет құру туралы шешім – Таяу Шығыстағы зорлық-зомбылық шеңберін үзу және Газа секторындағы қақтығыс, азап пен аштықты тоқтатудың ең жақсы жолы» екенін атап өтті.

Контекст

Бұған дейін, 2024 жылы мамырдың соңында, Норвегия, Ирландия және Испания үкіметтері Палестинаны мемлекет ретінде мойындайтынын жариялаған еді. Сол кезде БҰҰ-ға мүше 193 елдің 143-і, оның ішінде Ресей мен Қытай, Палестина тәуелсіздігін ресми таныған болатын.

Ал биыл шілдеде Франция президенті Эммануэль Макрон да қыркүйектегі Бас ассамблея отырысында Палестина мемлекетін мойындайтынын мәлімдеген. «Үлкен жетілік» құрамындағы тағы екі мемлекет – Канада мен Ұлыбритания да осындай шешім қабылдайтынын айтқан.

Серіктес жаңалықтары