×
542.66
631.98
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.66
631.98
6.77

Оқушылар мектепте хиджаб кигені үшін олардың ата-аналарын жауапқа тартуы мүмкін

Бүгін, 13:55
Оқушылар мектепте хиджаб кигені үшін олардың ата-аналарын жауапқа тартуы мүмкін
ulysmedia коллажы

Оқушылар мектепке хиджаб киіп барғаны үшін олардың ата-аналарын жауапқа тартуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мектептегі хиджаб мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Оның сөзінше, оқушысы мектеп формасын кимей, тәртіпке бағынбаса оған ата-анасы жауап береді.

«Мектептер өздерінің ішкі жарғыларына сәйкес, мектеп формасын қатаң сақтауды талап етуі керек. Ата-аналарды мектеп формасын бұзғаны үшін белгіленген жауапкершілікке тартатын заңнамалық база бар екенін ескерткім келеді. Барлығы мектептердің ішкі ережелерін қатаң сақтауы керек. Бұл тек хиджабтарға ғана қатысты емес. Бұл білім беру ұйымдарында мектеп формасын қатаң сақтауға қатысты», – деді ол.

Контекст

Қазақстанда 12 шілдеден бастап ниқаб киюге тыйым салынған. Ол бойынша, адам көп жүретін қоғамдық орындарда бетті тұмшалайтын киім кибге болмайды. Бұған дейін Ulysmedia ниқаб мәселесін зерттеп көрген.

Мақаланы мына жерден оқи аласыз: «Ниқабқа тыйым салу қауіпсіздік пе, адам құқығын шектеу ме»

Серіктес жаңалықтары