×
542.66
631.98
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.66
631.98
6.77

«Тұрғын үй Шымкентті» тексеру Берденовке жасалған қастандықпен байланысты емес – әкімдік

Бүгін, 17:01
«Тұрғын үй Шымкентті» тексеру Берденовке жасалған қастандықпен байланысты емес – әкімдік
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкентте «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-де аудиторлық тексеріс жүргізіліп жатыр. Бұған дейін мекемені қала әкімінің орынбасары Рустан Берденовке оқ атты деп айыпталған Ернар Жиембай басқарған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Шымкент қаласы әкімдігінің мәлімдеуінше, жүргізіліп жатқан аудит Руслан Берденовтің ісімен байланысты емес. Аудиторлық тексерудің негізі мақсаты – үйлерді жөндеудің сапасын бағалау және бюджет қаражатының жұмсалу барысын қадағалау.

Руслан Берденов пен Ернар Жиембай арасындағы кикілжің 3,4 миллиард теңге қаржыға байланысты деген деректі әкімдік жоққа шығарды.

Контекст

21 сәуірде Шымкент қалалық әкімдігінің алдында Руслан Берденовке оқ атылғаны жөнінде ақпарат тараған. Кейіннен оқ атқан «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС басшысы Ернар Жиембай екені айтылған.

Қазір Шымкентте аталмыш оқиғаға байланысты сот процесі жүріп жатыр. Алғашқы сот отырысында күдікті Ернар Жиембай Рулан Берденовке қарсы оқ атуына қызғаныш себеп болғанын айтқан.

«Жұбайым Берденовтің туыстарымен араласады және үнемі оны үлгі ететін. «Оның бұлшықеттері бар, костюмі қандай әдемі, қымбат» деп. Жұмыста да үнемі қысым жасалатын, намысқа да тиді. Жұбайым ажырасамын деп сотқа арыз түсірді. Берденов оған үнемі лайк басатын. Комплимент жазды» деген Ернар Жиембай сотта.

Кейіннен Руслан Берденов оның бұл сөздерін жоққа шығарған. Айта кететін бір жайт, Берденовтің өзі сотқа қатысып жатқан жоқ. Адвокаттары оның денсаулығына байланысты процеске қатыса алмайтынын айтқан.

Серіктес жаңалықтары