×
542.66
631.98
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.66
631.98
6.77

Атырауда тергеу изоляторынан қателесіп басқа адамды босатып жіберген

Бүгін, 18:51
Атырауда тергеу изоляторынан қателесіп басқа адамды босатып жіберген
Фото: Ақ Жайық

Атырауда тергеу изоляторынан қателесіп басқа адамды босатып жіберген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Ақ Жайық басылымының жазуынша, Атырау облысындағы тергеу изоляторынан қателесіп бостандыққа жазасын өтеу мерзімі аяқталған адамды емес, басқа адамды бостандыққа шығарған.Мекеме қызметкері олардың фамилиялары ұқсас болған соң шатасқандығы айтылады.

Құжаттарды рәсімдеу кезінде басқа адамның деректері болған. Құжаттарға изолятордың бірнеше басшысы қол қойған.

Қызметкерлер қателікті анықтаған соң, ер адам изоляторға қайтарылған.

– Изолятор қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына полиция, прокуратура және ҰҚК қызметкерлері келді, – деген Ақ Жайық сайтының дереккөзі.

Оқиғаға байланысты қылмыстық атқару-жүйесі комитеті әзірге жауап берген жоқ.

Серіктес жаңалықтары