×
542.29
629.54
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.29
629.54
6.77

Qaznews24 сатиралық парағы "қысымға байланысты" жұмысын тоқтатты

Бүгін, 18:37
Qaznews24 сатиралық парағы "қысымға байланысты" жұмысын тоқтатты
ulysmedia коллажы

Qaznews24 сатиралық парағы қысымға байланысты жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мән-жай

«Күштік құрылым органдарының редакция мүшелерінің туыстарына жасаған қысымы мен жаңа тергеп-тексеру амалдарының басталуына байланысты біз агенттік жабуға шешім қабылдадық. Қазіргі жағдайда біз жұмысымызды жалғастыра алмаймыз. Осылайша, Конституция кепілдік берген өз құқығымыз бен сөз бостандығын қорғай алмаймыз»,– делінген парақша редакциясы жариялаған мәлімдемеде.

Контекст

Qaznews24 сатиралық Instagram парағының 94 мыңға жуық жазылушысы бар. Биыл сәуірде парақша авторы Темірлан Еңсебектің үстінен қылмыстық кодекстің 174-бабы «араздықты қоздыру» бойынша іс қозғалып, сот бес жылға бас бостандығын шектеген.

Істің қозғалуына «Йоу, орыстар» әні себеп болған. Qaznews24 парағы ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің Қазақстанға қарата айтқан мәлімдемесіне қатысты осы әнді пайдаланып жазба жариялаған. Әнде боқтық сөздер айтылады.

Кейіннен Qaznews24 редакциясы Темірлан Еңсебектің жобадан кеткенін хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары