Израиль палестиналықтарды Газадан Оңтүстік Суданға көшіруге байланысты келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Мән-жай
CNN телеарнасы келіссөздердің қазір қай деңгейде жүріп жатқаны белгісіз екенін хабарлады.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа халқының басым көпшілігін басқа аймаққа көшіру идеясын жүзеге асырғысы келетінін айтқан. Ол мұны «ерікті миграция» деп атаған. Израиль бұндай ұсыныстарды Африканың өзге де мемлекеттеріне жолдаған.
«Менің білуімше, соғыс заңы бойынша, бейбіт тұрғындарға кетуге мүмкіндік беру қажет. Осыдан кейін сол жерде қалған жауға бар күшіңмен шабуыл жасайсың», – деген Биньямин Нетаньяху Израильдің і24 телеарнасына берген сұхбатында.
Қарсылық пен Оңтүстік Судан жауабы
Палестиналықтар мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары Газа тұрғындарын басқа аймаққа көшіру бастамасына қарсылық білдірген. Олар мұны халықаралық құқықтарды бұзу деп атаған.
Ал Оңтүстік Суданның сыртқы істер министрлігі Израильмен палестиналықтарды көшіруге байланысты келіссөздер жүргізіліп жатыр деген ақпаратты негізсіз деп, жоққа шығарды.