Жастардың 41 пайызы ауыр күйзелісте. Қазақстан психологиялық саулық көрсеткіші бойынша 82 елдің ішінде 76 орында, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Мән-жай
Sapien Labs зерттеу орталығы психологиялық саулыққа қатысты зерттеу жүргізді. Бұл жөнінде «Тіл кеспек жоқ» телеграм арнасы жазды.
Ортылық зерттеуіне 82 елден 1 миллион адам қатысқан. Зерттеушілер адамның өмір қиындығына төтеп беру және өнімді жұмыс істеу қабілетін өлшеген.
Зерттеудің 2024 жылғы есебінде 18-34 жас аралығындағы азаматтардың ментал саулығы нашар деп көрсетілген. Олардың 41 пайызы ауыр күйзелісте. Үштен бір бөлігін жағымсыз ойлар және шынайы өмірден тыс қалу сезімі мазалайды.
Зерттеуге сәйкес, Қазақстан 82 елдің ішінде 76 орында. Елдегі ментал саулықтың орташа көрсетшісі – 52,3 балл. Бұл – Орталық Азия елдері арасында ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Өзбекстан – 54,5 балл, Қырғызстан мен Тәжікстанда – 51,2 балл.
Sapien Labs қорытындысы бойынша, ел тұрғындарының психикалық жағдайы күрделі әрі мазасыз күйде. Қазақстан жастарының көп бөлігі «тек аман қалу» деңгейінде (20-30 балл).
18-34 жас аралығындағы 10 адамның 4-еуі:
Ментал денсаулықтың нашарлауы суицидке алып келеді. Finprom.kz дерегінше, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларының аралығында Қазақстанда 1300 адам өз-өзіне қол жұмсаған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,8 пайызға төмен. Бірақ соның өзінде әлі де жоғары деңгейде. Әсіресе, кәмелет жасына толмағандар арасында суицид 8,5 пайызға өскен. Өз-өзіне қол салмақ болғандар саны 6 пайызға артқан.
Сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіштер Қазақстанда психикалық денсаулық мәселесі күрделі деңгейде екенін көрсетеді.
Зерттеушілер жастардың менталдық психикалық жағдайы не себепті нашар екенін былай деп түсіндіреді: