×
538.03
629.23
6.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.03
629.23
6.74

Астанада «Қазақстанның лайықты азаматы» конкурсының жеңімпаздары анықталды

Бүгін, 15:47
Астанада «Қазақстанның лайықты азаматы» конкурсының жеңімпаздары анықталды

Астанада BI Group компаниясы «Қазақстанның лайықты азаматы» республикалық конкурсының жеңімпаздарына пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

20 шілде мен 5 тамыз аралығында өткен онлайн дауыс беруге тәуелсіз қазылар алқасы мен он мың қазақстандық қатысып, 10 финалистің ішінен 3 жеңімпаз іріктелді. Нәтижесінде биылғы жоба жеңімпаздары болып Қазақстандағы тұңғыш парахоккей секциясын ашқан Қайрат Сәбитов, қиын жағдайға тап болған әйелдерге уақытша баспана мен көмек көрсететін «Сен жалғыз емессің» жобасының авторы Айжан Каркенова, «Biz de adambyz» қорының негізін қалаушы, Атырауда «Талшын» инклюзивті театрының ашылуына мұрындық болған Гүлназ Қосмұрзиева танылды.

Үш финалист BI Group компаниясы Астананың сол жағалауынан салған SPACE тұрғын үй кешенінен бір, екі және үш бөлмелі пәтерлерді иеленді.

Конкурс туралы

«Қазақстанның лайықты азаматы» байқауы 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Жобаның мақсаты – қазақ қоғамының дамуына үлес қосып жүрген белсенді және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары адамдарды қолдау. 2025 жылы бұл жоба BI Group-тың мерейтойлық «30 игі іс» бағдарламасына енген.

 

 

Серіктес жаңалықтары