×
538.03
629.23
6.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.03
629.23
6.74

Берденовке қастандық ісі: "Сараптамадағы оқ гильзасы сәйкес келмейді"

Бүгін, 16:23
Берденовке қастандық ісі: "Сараптамадағы оқ гильзасы сәйкес келмейді"
ulysmedia коллажы

Шыменттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталған «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы директоры Ернар Жиембайдың соты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мән-жай

Ернар Жиенбайдың адвокаттары сотқа дәлел ретінде бейнематериал ұсынды. Қорғау тарапының айтуынша, криминалист оқиға орнын ресми қарау басталмай тұрып, айғақ белгілерін қойған. Осыған байланысты қорғаушылар оқиға орнын қарау хаттамасын және екі куәнің жауаптарын дәлелдер тізімінен алып тастауды сұрап, өтінішхат түсірді.

Сот өтініштерді қабылдады. Бірақ қорғау тарабының уәждеріне құқықтық баға үкім шығару кезінде берілетінін айтты.

Бұдан бөлек, қорғаушылар сарапшы қорытындысын дәлелдер қатарынан шығару туралы қосымша өтінішхат түсірді. Олардың айтуынша, сараптамаға жіберілген оқ гильзалары сарапшы қорытындысындағы оқтармен сәйкес келмейді.

Сотта айыпталушының әкесі сөз сөйледі. Оның айтуынша, тергеуші айғақ дәлел ретінде сараптамаға тек жейде мен аяқ киімді жіберген, ал оқтарды жолдамаған.

Прокурор Бауыржан Қараманов бұл өтініштерге қарсылық бірдірді. Ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін оқиға орнын қарау заңды деп мәлімдеді.

Контекст

Бұған дейінгі сот отырысында Ернар Жиембаев Берденовпен арада болған кикілжіңге қызғаныш себеп болғанын айтқан. Ол “Берденов әйеліме смс жолдап, суреттеріне лайк басты”, өзіме балағат сөздер айтып, қорлады деген. 

 – Ол [Берденов] «әйелің жезөкше, жәләп болады. Балаң жетім болады» деген сөздер [айтты]. Одан кейін жеке басыма қатысты, «шашың неге түсіп қалған? Мұрын боқ, менімен төбелескің келіп тұр ма? Әйеліңе ..... тұрмайды» деген сөз менің жүйке жүйемді үзді деп айтсам болады, – деген Жиембай сотта берген жауабында.

Іс материалдарына сәйкес, оқиға болған күні сотталушы Ернар Жиембай Шымкент қаласы құрылыс басқармасының салынып жатқан объектілерге мониторинг жүргізу бөлімінің бастығынан ақпарат алған. Ол Жиембайға әкімнің орынбасары Руслан Берденовтің нұсқауы бойынша «Тұрғынүй Шымкент» ЖШС басшысы қызметінен өз еркімен кетуі керектігін айтқан.Осыдан кейін «кек алу» мақсатында оған қарсы оқ атқан.

21 сәуірде Шымкент қалалық әкімдігінің алдында Руслан Берденовке оқ атылғаны жөнінде ақпарат тараған. Кейіннен оқ атқан «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС басшысы Ернар Жиембай екені айтылған.

Ернар Жиембайдың үстінен «Адам өлтіруге оқталу» және «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» баптары бойынша іс қозғалған. Негізгі сот талқылауы 6 тамызда басталған. Сотқа Руслан Берденов қатысып жатқан жоқ. Адвокаттары оның ем қабылдап жатқанын айтқан.

Серіктес жаңалықтары