×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

"Трамп президент боп тұрғанда, соғыс болмас еді" – Путин

Бүгін, 08:45
"Трамп президент боп тұрғанда, соғыс болмас еді" – Путин
Видеодан алынған кадр

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин шағын құрамдағы келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Путин Трамппен өте жақсы тікелей байланыс орнағанын айтты.

– Мен Байденді “ауыр зардаптарға” жеткізбеуге көндіруге тырыстым және бұл – үлкен қателік екенін ашық айттым. Трамп мырза “2022 жылы президент боп тұрғанымда, Украинадағы соғыс болмас еді” дейді. Мен мұны растаймын, – деді Путин.

Путин Трампқа сенімді әңгімесі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, ол Трамппен қол жеткізілген түсіністік Украинадағы бейбітшілікке жол ашарына үміттенетінін айтты.

– Украинадағы қазіргі жағдай – Ресей үшін трагедия әрі ауыр қайғы, – деді ол.

2025 жылғы 15 тамызда Дональд Трамп пен Владимир Путин Аляска штатының Анкоридж қаласында кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты – Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс бойынша келіссөздер жүргізу. 

Трамп пен Путиннің Аляскадағы кездесуі халықаралық қауымдастықтың жіті назарында болды. Келіссөздер нақты нәтижелерге әкелмесе де, диалогтың басталуы маңызды қадам ретінде бағаланды.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін, 15 тамыз күні, Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер өткізу үшін Аляскаға аттанғанын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары