×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

"Толыққанды түсіністік болмады. Әзірше келісімге келе алған жоқпыз" – Трамп

Бүгін, 09:04
"Толыққанды түсіністік болмады. Әзірше келісімге келе алған жоқпыз" – Трамп
Видеодан алынған кадр

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен бейбіт реттеуге қол жеткізуге өте жақсы мүмкіндік бар екенін, бірақ оған әзірше бұл келісімге келе алмағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дональд Трамп пен Владимир Путин шағын құрамдағы келіссөздерден кейін баспасөз мәслихатын өткізді.

Мәліметтерге сүйенсек, Трамп келіссөздердің нәтижелі өткенін айтты.

– Бізде өнімді келіссөздер болды. Ең бастысы – бейбіт келісімге қол жеткізуге өте жақсы мүмкіндік бар. Алайда әзірше оған жете қойған жоқпыз. Путин мырза, сізбен жақын арада қайта кездесемін деп үміттенемін. Бастысы – бізде бейбітшілікке жетуге тәп-тәуір мүмкіндік бар. Саған көп рақмет, Владимир. Путин бұл қақтығысты мен сияқты аяқтағысы келеді. Путинмен жуықта тағы жүздесемін деп ойлаймын, – деді Трамп.

Трамп пен Путин журналистердің сұрақтарына жауап бермей, қысқа мәлімдемелермен шектелді. 

ТРАМП ПЕН ПУТИННІҢ КЕЗДЕСУІ

2025 жылғы 15 тамызда Дональд Трамп пен Владимир Путин Аляска штатының Анкоридж қаласында кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты – Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс бойынша келіссөздер жүргізу. 

Трамп пен Путиннің Аляскадағы кездесуі халықаралық қауымдастықтың жіті назарында болды. Келіссөздер нақты нәтижелерге әкелмесе де, диалогтың басталуы маңызды қадам ретінде бағаланды.

Еске салайық, бұған дейін Путин Трамптың “Мен президент боп тұрғанда, соғыс болмас еді” деген сөзін растады.

Серіктес жаңалықтары