×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

"Ресейдің қуатты ядролық әлеуетімен санасу керек" – Трамп

Бүгін, 10:51
"Ресейдің қуатты ядролық әлеуетімен санасу керек" – Трамп
РИА Новости

АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News арнасына берген сұхбатында Ресейдің үлкен ядролық әлеуеті бар екенін және онымен санасу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Трамптың сөзінше, Путинмен келіссөздер барысында айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілген. Ол Украинадағы жағдайды реттеу жөнінде келісімге келудің «әжептәуір жоғары ықтималдығы» бар екенін атап өтті.

Алайда Трамп Путинмен кездесуден кейін қай тұста келісімге, қай тұста келіспеушілікке келгенін ашып айтудан бас тартты.

– Ресейдің үлкен ядролық әлеуеті бар және онымен санасу қажет. Еуропа елдері де Украинадағы реттеу процесіне «аздап» қатысуға тиіс, – деді ол.

ТРАМП ПЕН ПУТИННІҢ КЕЗДЕСУІ

2025 жылғы 15 тамызда Дональд Трамп пен Владимир Путин Аляска штатының Анкоридж қаласында кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты – Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс бойынша келіссөздер жүргізу. 

Трамп пен Путиннің Аляскадағы кездесуі халықаралық қауымдастықтың жіті назарында болды. Келіссөздер нақты нәтижелерге әкелмесе де, диалогтың басталуы маңызды қадам ретінде бағаланды.

Еске салайық, бұған дейін Путин Трамптың “Мен президент боп тұрғанда, соғыс болмас еді” деген сөзін растады.

Серіктес жаңалықтары