×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

Тоқаев Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі туралы айтты

Бүгін, 12:20
Тоқаев Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі туралы айтты
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

– Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайды, – делінген жазбада.

Тоқаев Трамп пен Путин қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті деп есептейді.

ТРАМП ПЕН ПУТИННІҢ КЕЗДЕСУІ

2025 жылғы 15 тамызда Дональд Трамп пен Владимир Путин Аляска штатының Анкоридж қаласында кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты – Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс бойынша келіссөздер жүргізу. 

Трамп пен Путиннің Аляскадағы кездесуі халықаралық қауымдастықтың жіті назарында болды. Келіссөздер нақты нәтижелерге әкелмесе де, диалогтың басталуы маңызды қадам ретінде бағаланды.

Еске салайық, бұған дейін Путин Трамптың “Мен президент боп тұрғанда, соғыс болмас еді” деген сөзін растады.

Серіктес жаңалықтары