×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

Астаналық кәсіпкерлер президенттен көмек сұрады

Бүгін, 09:07
Астаналық кәсіпкерлер президенттен көмек сұрады
Фото: Ulysmedia.kz

Кәсіпкерлер президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Астанадағы «Абу-Даби Плаза» сауда орталығының бірнеше жалға алушысы кешен әкімшілігінің тарапынан заңсыздыққа тап болғанын мәлімдеді. Кәсіпкерлердің айтуынша, оларға қысым көрсетілуде.

– Үш жылдан астам уақыт бойы біз бұл жерді жалға алып отырдық. Қазір бізді жарықты өшіру, қонақтардың кіріп-шығуын шектеу арқылы орыннан кетуге мәжбүрлеп отыр. Бизнес иелері шамамен 600 мың доллар инвестиция құйған. Бізді жауып тастағандықтан, орасан шығынға ұшырап отырмыз, – деді кәсіпкер.

– Біз кеңсе ғимараттарының жалға алушысымыз. Өз қаржымызды құйып, жөндеуді өзіміз жасадық. Бізде 8 жылға келісімшарт болған, бірақ бір жылдан кейін жалға беруші оны біржақты тәртіппен бұзды. Ал біздің қаражатымызды қайтарудан бас тартуда, – деп қосты тағы бір әйел.

– Сіз бір кездері кәсіпкерлікті қорғауды үкіметтің стратегиялық міндеті деп жариялаған едіңіз. Біздің мәселемізге араласуыңызды сұраймыз, – деді тағы бір үндеу авторы.

Олардың пікірінше, шетелдік инвестор жергілікті кәсіпкерлердің құқығын бұзып отыр.

АЙТА КЕТЕЙІК

Қазақстан мен БАӘ 2009 жылы кешен құрылысы туралы келісімге қол қойған. Нысанның пайдалануға берілуі бірнеше рет кейінге шегерілді. Нәтижесінде барлық жұмыстарға 12 жыл кеткен – 2010 жылдан 2022 жылға дейін. Құрылыс салушы – БАӘ-нің Aldar Properties компаниясы.

Серіктес жаңалықтары