×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

Трамп пен Зеленский бүгін тағы кездеседі: мән-жай белгілі болды

Бүгін, 09:44
Трамп пен Зеленский бүгін тағы кездеседі: мән-жай белгілі болды
Фото: aa.com.tr

Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленскийдің екіжақты кездесу кестесін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КЕСТЕ

Кестеге сәйкес, 18 тамыз күні сағат 21:00-де (Астана уақытымен) Еуропа көшбасшылары Ақ үйге келеді. 22:00-де Трамп Зеленскийді қарсы алады, одан кейін олар 22:15-те кездесуді бастайды. Одан соң 23:15-те (Астана уақытымен) Трамп ЕО көшбасшыларын қарсы алып, 23:30-да олар бірлескен суретке түседі, ал 00:00-де олардың кездесуі басталады.

ЗЕЛЕНСКИЙ ВАШИНГТОНДА

Бүгін Зеленский Вашингтонға келгенін хабарлады. Ол АҚШ-қа шақыруы мен қолдауы үшін алғыс білдіріп, бейбітшіліктің берік болуы керектігін, 1994 жылдан кейінгі немесе Қырым аннексиясынан кейінгі сияқты болмауы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол АҚШ және Еуропамен бірлескен күш-жігер Ресейге соғысты тоқтатуға мәжбүр етеді деген сенімін білдірді.

Өз кезегінде Трамп Зеленскийдің «қаласа, Ресеймен соғысты дерлік бірден аяқтай алатынын немесе соғысты жалғастыра беретінін» айтты.

БҰҒАН ДЕЙІНГІ КЕЗДЕСУ

Еске салайық, бұған дейін АҚШ пен Украина көшбасшылары Ватиканда сәуірде кездескен болатын. Дональд Трамп пен Владимир Зеленский Әулие Петр соборында, Рим Папасы Францисктің жерлеу рәсімі кезінде шамамен 15 минут әңгімелесті. 

ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУ

Еске салайық, 15 тамызда Анкориджде (Аляска) Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың саммиті өтті. Келіссөздер шамамен үш сағатқа созылды. Қол қойылған құжаттар болмағанымен, тараптар бірқатар маңызды мәлімдеме жасады. Сонымен бірге Мәскеуде жаңа кездесу өту мүмкіндігі талқыланып жатыр.

Серіктес жаңалықтары