×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

Мәсімовтің қылыштары сатылды

Бүгін, 13:00
Мәсімовтің қылыштары сатылды
Ulysmedia.kz коллажы

15 тамызда электрондық E-Qazyna платформасы арқылы Кәрім Мәсімовтің үйінен тәркіленген қымбат заттар сатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

САУДА

Сауда қорытындысы бойынша 43 бірлік мүлік, оның ішінде кәдесыйлық монеталар, қылыштар және басқа да активтер, жалпы 10 млн теңгеден астам сомаға сатылды. Бастапқы бағасы – 7 млн теңге. Лоттардың құнының өсуі қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық пен бәсекелестік сипаттағы сауданы көрсетеді.

АУКЦИОН

Аукцион ашық әрі әділ өткізу қағидаттарына сәйкес ұйымдастырылған, бұл барлық қатысушылар үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Белгіленген тәртіпке сәйкес, сауда аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жеңімпаздар мен сатушы арасында сатып алу-сату шарты жасалады. Активтер тек қаражат толық көлемде сатушының шотына түскеннен кейін ғана беріледі.

САУДАДАН ТҮСКЕН АҚША ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ

Сатудан түскен қаражат Арнаулы мемлекеттік қорға аударылады.

- Бұл қаражат білім беру, денсаулық сақтау, инфрақұрылым салаларындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарды қолдауға бағытталады, делінген хабарламада. 

АНЫҚТАМА

2023 жылғы сәуірде сот Мәсімов пен оның орынбасарларына үкім шығарды. Экс-басшы мемлекетке опасыздық, билікті басып алуға шақыру және қызметтік өкілетін асыра пайдалану баптары бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімі бойынша ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеу құқығынан айырылды. Бұған дейін президент Тоқаев Мәсімовті кешірмейтінін айтқан.

2025 жылғы ақпан айында Мәсімов денсаулығына байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы үш рет өтініш бергені белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары