×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

Зеленский Қырымнан бас тартуы мүмкін

Бүгін, 13:45
Зеленский Қырымнан бас тартуы мүмкін
Ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Украина президенті Владимир Зеленский Қырымнан және НАТО-ға кіруден бас тартса, Ресеймен соғысты «дереу» тоқтата алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

- Бәрі қалай басталғанын еске түсіріңіздер. Обама (Барак Обама) қайтарып берген Қырымды (12 жыл бұрын, бір де бір оқ атылмай!) қайтару болмайды, Украина НАТО-ға да кірмейді. Кейбір нәрселер ешқашан өзгермейді, – деп жазды Трамп Вашингтондағы Зеленскиймен кездесудің алдында Truth Social әлеуметтік желісінде.

Зеленскийді АҚШ-қа сапарында Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия және Финляндия басшылары, сондай-ақ НАТО Бас хатшысы мен Еурокомиссия төрағасы ертіп жүрмек.

Сондай-ақ New York Times деректеріне сүйенсек, Трамп Путинмен Аляскадағы саммиттен кейін Еуропа лидерлеріне Зеленский Ресейге тұтас Донбасты беруге келіскен жағдайда, бейбіт келісімді тез жасауға мүмкіндік барын жеткізген.

Алайда Зеленский Киевтің өз бақылауындағы жерлерден бас тартпайтынын мәлімдеді. Ол Украина Конституциясы «территориядан бас тартуға немесе жерді саудалауға жол бермейді» деп еске салды. Сонымен қатар, ол Қырым мәселесін Трамп пен Путин қатысатын үшжақты кездесуде талқылауға болатынын жоққа шығармады, бірақ қазіргі таңда Мәскеу мұндай келіссөздерге дайын екенінің еш белгісін көрсетпей отырғанын атап өтті.

КЕЗДЕСУ

Еске салайық, бүгін Зеленский мен Трамптың кездеседі деп жоспарланған

Серіктес жаңалықтары