×
540
630.72
6.72
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540
630.72
6.72

БАҚ: ХАМАС Газада атысты тоқтатуға келісті

Бүгін, 10:17
БАҚ: ХАМАС Газада атысты тоқтатуға келісті
Фото: Reuters

ХАМАС Газада атысты тоқтатуға келісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

AFP басылымының мәліметінше, ХАМАС Газа секторында атысты тоқтатуға байланысты жаңа келісімге келіскен. Ұйымның барлық фракциялары қосымша талапсыз атысты тоқтатуға келіскен.

«ХАМАС және өзге де фракциялар атысты тоқтату туралы жаңа келісімге ешқандай қосымша талап қоймастан келісті», – деген агенттікке ұйымдағы дереккөзі.

Палестина тарапының мәліметінше, жаңа келісімде 60 күнге атысты тоқтатып, кепілге алынған тұтқындарды кезең-кезеңімен босату туралы айтылған. Жоспар бойынша ХАМАС израильдік тұтқындарды босатуы тиіс. Ал Израиль қарымта ретінде палестиналық тұтқындарды жіберуі керек.

Reuters Египеттегі дереккөздеріне сүйеніп, атысты тоқтату туралы қадам бейбіт келісімге келудің бастамасы болуы мүмкін екенін жазды.

Серіктес жаңалықтары