Компания басшысы ҚТЖ барлық қаржылық міндеттемелерін уақытында орындайтынына сенімді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов компанияның қарызы 3,2 трлн теңгеге жеткенін растады. Алайда жағдай сындарлы емес – компания басшысының айтуынша, КТЖ банктер алдындағы барлық міндеттемесін дер кезінде орындай алады.
– Біз барлық банктерге уақтылы төлейміз. Түсіміміз шығыстарымызды жабуға жеткілікті. Ал бонус мәселесіне (ҚТЖ топ-менеджментіне қатысты – ред.) келсек, шешімді директорлар кеңесі қабылдайды. 2024 жыл бойынша шешім әлі қабылданған жоқ, – деді ол Ulysmedia тілшісіне берген жауабында.
БҰҒАН ДЕЙІН
Шілдеде көлік министрі Нұрлан Сауранбаев өзі басқарған Қазақстан темір жолының бүгінгі жай-күйі туралы айтқан болатын.
Сонымен қатар, былтыр Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілісте көлік инфрақұрылымына жасалған аудит қорытындысын жариялап, ҚТЖ әрең күн көріп отыр деген еді.