×
538.33
626.99
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.33
626.99
6.71

Қазақстан аккредитация бермеу арқылы сөз бостандығын шектеп отыр - RSF

Бүгін, 08:02
Қазақстан аккредитация бермеу арқылы сөз бостандығын шектеп отыр - RSF
AFP

Халықаралық «Шекарасыз репортёрлар» (RSF) ұйымы Астанадағы соттың шешімінен кейін мәлімдеме жасады. Сот Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің «Азаттықтың» жеті журналисіне аккредитация беруден бас тартуын заңды деп таныған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

RSF пікірінше, қазақстандық биліктің бұл шешімі – «еріксіз саяси қадам» әрі журналистердің кәсіби қызметін атқаруына кедергі. Ұйым аккредитацияны ұзарту үшін құжаттар уақытылы тапсырылғанын, бірақ соған қарамастан тілшілерге бас тартылғанын атап өтті.

- Сот жүйесі Радио Азаттықтың, яғни Радио Свободаның жергілікті бюросының жұмысына тосқауыл қоюға бағытталған циникалық заңдық айлаға жол беріп отыр. Қазақстан билігі аккредитацияны дереу қалпына келтіруі тиіс, – деді RSF-тің Шығыс Еуропа және Орталық Азия бөлімінің жетекшісі Жанна Кавелье.

Астана «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға сүйеніп, шетелдік журналистерге аккредитациясыз жұмыс істеуге болмайтынын алға тартты. Алайда RSF «Азаттық» қызметкерлерінің бәрі Қазақстан азаматтары екенін, сондықтан бұл норманы қолдану заңсыз екенін мәлімдеді. Сот болса кез келген адамның шетелдік БАҚ-пен еңбек немесе өзге де байланысы бар болса, оны шетелдік журналист деп санауға болады деген ұйғарымға келді.

Радио Еркіндік/Радио Свобода президенті Стивен Капус бұл шешім Қазақстан Конституциясымен кепілдендірілген құқықтарды бұзатынын айтты. «Журналистика – қылмыс емес, біздің журналистер өз жұмысы үшін жазаланбауы тиіс», – деп атап өтті ол. Корпорация заңгерлері сот шешіміне шағым түсіретінін жеткізді. Ал тағы тоғыз журналистке аккредитация беруден бас тарту ісі қаралу кезеңінде тұр.

БҰҒАН ДЕЙІН

20 тамызда Астана әкімшілік соты Азат Еуропа/Азаттық радиосы – Қазақстандағы өкілдігінің (RFE/RL-Қазақстан) сыртқы істер министрлігіне қарсы берген әкімшілік талабын қарады. Судья Смағұлов министрліктің Азаттық тілшілеріне аккредитация бермеу туралы шешімін заңды деп таныды

Серіктес жаңалықтары