×
538.33
626.99
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.33
626.99
6.71

Израиль Газаға шабуылдауды бастады

Бүгін, 09:40
Израиль Газаға шабуылдауды бастады

Израиль Газаға шабуылдауды бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Израиль Газаға шабуылдауды бастағанын мәлімдеді. ЦАХАЛ-дың ресми өкілі Эффи Дефриннің сөзінше, қала маңындағы аудандар Израиль армиясының бақылауына өткен.

Дефрин «ХАМАС-тың негізгі тұрағы саналатын Газаға шабуыл бұдан да қарқынды болады. ХАМАС қазір «партизандық топ» деңгейінде» деді.  

Бұдан бөлек, Дефрин Израиль армиясы бейбіт тұрғындардың эвакуациялау, гуманитарлық көмек жеткізу жұмыстарымен де айналысып жатқанын айтты.

Газа денсаулық сақтау министрлігі Израиль шабуылынан 76 адам қаза болғанын мәлімдеді. Оның ішінде 27 адам гуманитарлық көмек алу кезінде көз жұмған.

Израиль резервтегі 60 мың сарбазға шақырту жіберген. Айдың соңында дейін тағы 20 мыңын әскериге шақыру жоспарланған. 21 тамызда премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Исраэль Кац Газаны басып алу туралы жоспарды мақұлдайды.

Бұнымен қатар, Египет пен Қатардың қатысуымен Израиль мен ХАМАС арасында атысты тоқтатуға байланысты келіссөздер жүріп жатыр. Бұған дейін ХАМАС-тың атысты тоқтатып, тұтқын алмасу туралы келісімге келіскені жөнінде ақпарат тараған.

Серіктес жаңалықтары