×
538.33
626.99
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.33
626.99
6.71

Ресей Байқоңырдан шыбын, тышқан мен дақылдарды ұшырды

Бүгін, 12:16
Ресей Байқоңырдан шыбын, тышқан мен дақылдарды ұшырды
Фото: Роскосмос

Байқоңыр ғарыш айлағының №31 алаңынан «Союз-2.1б» зымыран тасығышы «Бион-М» №2 ғылыми аппаратымен бірге ұшырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аппарат бортында 75 тышқан, дрозофил шыбындары, жасуша дақылдары, өсімдіктер, мүктер, дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдардың үлгілері, сондай-ақ бұрын ғарышта сыналған тұқымдар бар.

Мақсат

Миссияның басты міндеті – ғарыштық факторлардың тірі ағзаларға әсерін полярлық орбита жағдайында зерттеу. Ғалымдардың есебі бойынша, полюстер маңындағы радиация деңгейі ХҒС орбитасымен салыстырғанда 30%-ға жоғары.

Зерттеулер

Ғылыми жұмыстар молекулалық деңгейден бастап жүйелік деңгейге дейін жүргізіледі. Жиналған деректер болашақта адамның алыс ғарышқа сапарына дайындықта үлкен рөл атқармақ. «Бион» бағдарламасы 50 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келеді. Ол алғашында ұзақмерзімді орбиталық станцияларды пайдалануға дайындық үшін жасалған.

Бұл сериядағы соңғы аппарат 2013 жылы ұшырылған болатын. Ол кезде тәжірибелер ғарыштық факторлардың ағзаларға әсерінің бұрын беймәлім қырларын ашқан еді.

Нәтиже қандай болмақ

Жәндіктерді ұшырғаннан кейін биожүйелердің ғарыштық орта факторларына реакциясы туралы ауқымды деректер бермек.

Серіктес жаңалықтары