Қазақстандықтар Конституция күніне орай үш күн қатарынан демалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ДЕМАЛЫС
30 тамыз, сенбі күні қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді. Мереке сенбіге сәйкес келгендіктен, келесі дүйсенбі де демалыс күні болып есептеледі. Бұл ақпарат “Электрондық үкімет” порталында жарияланды.
БЕС КҮН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕР
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 30–31 тамыз және 1 қыркүйек – қатарынан үш күн демалыс.
АЛТЫ КҮН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕР
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 30–31 тамыз – демалыс күндері, 1 қыркүйек – жұмыс күні.