×
537.75
626.43
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.75
626.43
6.71

Әскери қызметкердің әйелі күйеуінің жалақысы аз екенін айтып, жанайқайын жеткізді

Бүгін, 16:26
Әскери қызметкердің әйелі күйеуінің жалақысы аз екенін айтып, жанайқайын жеткізді
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстандық әскеридің әйелі Айдана Дос күйеуінің болар-болмас жалақысын айтып, шағымданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Айдана күйеуінің жалақысы төмен екенін айтып шағымданып, президент пен қорғаныс министріне бейнеүндеу жолдап, жанайқайын жеткізді

«Жалақысы – ұят»

Айдананың айтуынша, бейнеролик түсіруге себеп болған жағдай – әскерилерге төленетін «пәтер ақшасының» тоқтатылуы. Бұл көмек өз баспанасы жоқ қызметкерлерге беріліп келген.

– Күйеуім офицер болу үшін бес жыл оқыды. Бірақ осы уақытқа дейін жалақысы ұят – 270 мың теңге. Бір ай бұрын майор атағын алды. Біз қуанып едік, бірақ жалақысы небәрі 50 мыңға ғана өсті – 320 мың теңге болды. Ай сайын 150 мың теңгеге пәтер жалдап, оған коммуналдық қызмет қосылады. Қолымызда қалатыны пәтерге берілетін 70 мың теңге ғана. Соның арқасында әрең күн көріп жүрдік. Біз ақша жинай алмаймыз, демалмаймыз, қыдырмаймыз – ол біз үшін арман. Ал енді осы айдан бастап пәтер ақшасын тоқтатты. Неге? Қандай мақсатпен? Әскерилердің тынысын ғана тарылтасыздар ма? Қанша уақытқа дейін осылай өмір сүру керек? Күйеуім күн ара жұмыс істейді. Еттің бағасын білесіздер ме? Жарайды, менің балаларым кішкентай. Ал мектепке баратындары бар ғой. Қыркүйек жақындап қалды – оларды қалай киіндіреміз?, – деп ашынды ол.

Айдана қазіргі уақытта күн көру үшін үйдегі алтын бұйымдарын өткізуге мәжбүр екенін айтты. 

Денсаулық пен тұрмыс жайы

Айдананың айтуынша, тығыз жұмыс кестесіне байланысты күйеуі ұйықтай алмайды, денсаулығына зиян келтіріп жүр. Бірақ еңбегі лайықты бағаланбайды.

Министрлік не дейді

Біз қорғаныс министрлігінен бұл жайтқа қатысты жауап беруін сұрадық. 

- Тоқтатылған жоқ. Шындыққа жанаспайды. Тек тұрғын үй қатынастары туралы заңға өзгерістер енгізілді, дейді министрлік өкілі. 

Ол бұл жайтқа қатысты қосымша түсініктеме берілетінін айтты. 

Серіктес жаңалықтары