×
537.34
623.05
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.34
623.05
6.65

Алматыдағы "Горный гигант" шағын ауданында жеке тұрғын үй өртеніп жатыр

Бүгін, 15:50
Алматыдағы "Горный гигант" шағын ауданында жеке тұрғын үй өртеніп жатыр
Алматы төтенше жағдайлар департаменті

Алматының Медеу ауданы "Горный гигант" шағын ауданындағы жеке тұрғын үй өртеніп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, осы минуттарда құтқарушылар Алматының Медеу ауданы "Горный гигант" шағын ауданындағы жеке тұрғын үйдегі өртті сөндіруде жоғары дәреже бойынша жұмыс істеп жатыр. Өрт көрші ғимараттың шатырына ауысқан.

Жергілікті жерде жедел штаб ашылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Шұғыл өзара әрекет ету қызметтері оқиға орнында. Жағдай бақылауда, – деп хабарлады ведомство.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, Қызылорда облысының Жаңақорған кентінде екі қабатты сауда үйінен өрт шыққанын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары