"Қазгидромет" РМК 24 тамызға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті құбылыстарға қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жексенбіде елдің бес өңірінде жауын-шашын мол түседі. Бұған батыс, шығыс және оңтүстік-шығыстағы фронтальды бөліктердің өтуі себеп болады. Бұл аймақтарда найзағаймен қоса жаңбыр мен бұршақ жауып, екпіні күшті жел соғады.
– Елдің батысы мен шығысында нөсер жаңбыр жауады. Ал антициклон әсерінен республиканың оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы және солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, – деді синоптиктер.
Ел бойынша жел күшейеді. Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталық өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық болып, ауа температурасы +36°С-қа дейін көтеріледі, ал Атырау облысында +35…+37°С болады. Ақтөбе облысында +35°С, ал Маңғыстау облысының оңтүстігінде +38°С дейін ысиды.