×
537.34
623.05
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.34
623.05
6.65

Ақтауда 50 келілік аттракцион элементі баланың үстіне құлады

Бүгін, 15:50
Ақтауда 50 келілік аттракцион элементі баланың үстіне құлады
Видеодан алынған кадр

Ақтауда үш жасар баланың үстіне аттракционның шамамен 50 келі болатын техникалық элементі құлап түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Оқиға 21 тамыз, бейсенбі күні Saya Park сауда ойын-сауық орталығында орналасқан Apollo балалар ойын орталығында болған.

Баланың анасы Айгүл Бисембаеваның Lada.kz порталына айтуынша, конструкцияда ешқандай бекіткіш болмаған және ол электр қалқанын жабу үшін пайдаланылған. Сырты жұмсақ қаппен қапталғанымен, ішінде ауыр металл блок орналасқан.

Оқиғадан кейін бала ауруханаға жеткізілді. Рентгеннен кейін сүйек сынуы немесе жарықшақ анықталмады. Дегенмен, оның аяғы ауырып жатыр, дәрігерлер МРТ тағайындады. Сонымен қатар, анасының айтуынша, баланың ұйықтаған кезде мазасы қашып жүр және психолог көмегі керек.

ӨТЕМАҚЫ

Отбасы Apollo ойын орталығының басшылығынан 200 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы талап етіп отыр. Анасының айтуынша, орталық өкілдері тек дәрігер қабылдауын, алғашқы күні алынған дәрілерді төлеуді және аквапаркке немесе ойын орталығына бір реттік тегін кіруді ғана ұсынған.

– Маған олардың аквапаркі неге керек? Бала үйде төсек тартып жатыр. Мен оны дәрігерге апарып жүрмін, ал олар көңіл көтеруге шақырады, – деді Айгүл Бисембаева.

Полиция бұл жағдайды тіркеп, материалдар Ақтау әкімдігіне жолданатынын хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары