×
537.34
623.05
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.34
623.05
6.65

Украина тәуелсіздігіне қауіп төніп тұр – ЕО елшісі

Бүгін, 17:01
Украина тәуелсіздігіне қауіп төніп тұр – ЕО елшісі
Ulysmedia

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич Украина халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елдің егемендігі үшін күресі жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алешка Симкич Украина 1991 жылы тәуелсіздігін жариялағанын еске салды.

– Кейінгі 10 жыл ішінде біз осы тәуелсіздіктің сын қатерге түскенін көріп келеміз. Біз қирауларды, бүлінген ғимараттарды және агрессордың басқа да шабуылдарына куә болып отырмыз, – деді ол.

ЕО елшісі Ресей билігінің әрекеттері БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқық нормаларын бұзатынын атап өтті.

– Біз, Еуропалық Одақ ретінде, осы халықаралық нормаларды ұстанамыз және дәл осы себепті Украинаны тұрақты бейбітшілікке ұмтылысында қолдауды жалғастырамыз. Бүгін мен Украинаға және украин халқын Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтап,  оларға бейбітшілік пен өркендеуді тілеймін, – деді Алешка Симкич.

АНЫҚТАМА

Украинаның Тәуелсіздік күні жыл сайын 24 тамызда атап өтіледі. Бұл дата 1991 жылы Жоғарғы Рада қабылдаған Тәуелсіздік декларациясына негізделген, құжат Украина КСР-дің КСРО құрамынан шығып, егемен мемлекет ретінде құрылуын бекітті.

Бұл күн — Украинаның басты ұлттық мерекесі.
 

Серіктес жаңалықтары