Алматының Бостандық ауданында құбырларды ауыстыруға байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Шектеу Әбіш Кекілбайұлы көшесінің Байқадамов және Есқараев көшелері арасындағы бөлігінде қолданылады.
Ол 2025 жылғы 24-30 тамыз аралығында күшінде болады.
– Бұл шектеулер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыстарды сапалы орындау мақсатында енгізіледі. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарды ескерулеріңізді сұраймыз, – деп хабарлады "Алматы Су" мекемесі.
БҰҒАН ДЕЙІН
Айта кетейік, бұған дейін су құбырын ауыстыру жұмыстарына байланысты Мыңбаев көшесінің жекелеген бөліктерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілген еді.